423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда жабылуы мүмкін

  • 121
  • UPD: 17:29, 10.11.2020
Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда жабылуы мүмкін

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кинотеатрлар қандай жағдайда жабылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

«Қазақстанның бас санитар дәрігерінің 57 нөмірлі қаулысы бойынша ереже сақталған жағдайда кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етіледі. Егер тұрғындар онда бір рет инфекция жұқтырса, кинотеатрлар жабылмайды, бірақ дезинфекция жұмыстары күшейтіледі. Ал егер инфекция жұқтыру дерегі қайталанса, онда дәл сол кинотеатр жабылады. Қалада вирус жұқтырғандар саны көбейсе, барлық кинотеатрға қатысты карантин шаралары қайта қаралады», - деді Бекшин.

Еске салайық, Қазақстандағы кинотеатрлар елдегі карантин шараларына байланысты жарты жылдан аса уақыт бойы жабық болды. Олар қазан айының соңында ғана ашылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы