423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте ағза мүшелерін ауыстыру операциялары азайған

  • 113
  • UPD: 20:23, 10.11.2020
Шымкентте ағза мүшелерін ауыстыру операциялары азайған

Сала мамандары мұны коронавирус инфекциясының өршуімен байланыстырады.

Ағымдағы жылы №1 қалалық ауруханада 25 науқасқа трансплантация белгіленген болса, соның тек бесеуіне ғана операция жасалған. Хирургтер жыл соңына дейін тағы 10 адамға көмектесуді жоспарлап отыр. Шымкенттік дәрігерлер жалпы 2013 жылдан бастап орган алмастыруды сәтті жүргізіп келеді. Алғашында күрделі операциялар Оңтүстік Корея мен Беларусь мемлекетінің мамандарының бақылауымен өткізілді. Содан бері 21 бауыр және 150-ден астам бүйрек ауыстыру операциясы жасалды. Пышаққа түскен науқастардың барлығы аман қалып, қалыпты өмірге қайта оралды.

Сәбитхан Байтеміров, №3 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

– Біздің өңірде 700-ден астам науқас бағдарламалық диализге барады. Олардың көпшілігі бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Сол себепті бұндай операцияға кезекке тұрған науқастардың саны көп. Көпшілігінің тірі доноры жоқ. Сол себепті олар мәйіттік донорға кезекке тұрады. Ал мәйіттік донорды дефицит болуына байланысты өкінішке орай өз кезегіне жетпей өмірден озып кетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы