422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 400-ден астам адам COVID-19 ауыр түріне шалдыққан

  • 107
  • UPD: 19:30, 10.11.2020
Павлодар облысында 400-ден астам адам COVID-19 ауыр түріне шалдыққан

Павлодар облысындағы коронавирус инфекциясынан кейінгі оңалту жұмыстары басталды.

Кешенді оңалту шаралары COVID-19 инфекциясын емдеудің клиникалық хаттамасына орай жүргізіледі. Емдеудің бір курсы 10-12 аптаға созылады. Бүгінгі күні вирустың ауыр түріне шалдыққан 401 павлодарлық бар.

Айта кетейік, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түскен. Соңғы тәулікте 47 тұрғын вирус жұқтырған. Тек 2-8 қараша аралығында 387 жағдай тіркеліп, өсім 8,9 процентті құрап отыр.

Үміт Бейсембаева, қалалық теміржол ауруханасының бөлім меңгерушісі:

– Оңалтудың екінші және үшінші кезеңі өтіп жатыр. Олардың барлығы – ауыр дертке шалдығып, әлсіреп қалғандар. Кешенді шаралар аясында демалу гимнастикасы мен физиоемдеу жүргізіледі. Сонымен қатар кинезотерапия, массаж, аэрозоль терапиядан өтеді. Физиопроцедуралардан магнитті-лазерлік терапия мен электрофорез алады. Оңалтудың тиімділігі зор. Ауырғандар дертінен толық айығып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы