423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында оқушылар үшін компьютер қоры жасақталды

  • 119
  • UPD: 21:19, 10.11.2020

Қостанай облысында қашықтан білім беретін 158 мектеп бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қараша айында ондағы оқушыларды компьютермен қамту көрсеткіші түбегейлі шешімін табады. Аймаққа кеңсе техникасының кезекті легі жеткізілді.

Су жаңа үш мыңдай ноутбукті мамандар тексеріп қабылдап алды. Қорда сақталатын жабдықтар эпидемиологиялық ахуал күрделенген жағдайда балаларға үлестіріледі.      

Бүтін әрі техникалық сипаттамасының сәйкес болуы. Ақпараттандыру орталығының мамандары жаңа ноутбуктердің сапасын мұқият тексеріп жатыр. Техникалар қашықтан оқытуға қажетті бейнекамера, микрофон және Wi-Fi-мен қамтылған. Қандай да кемшілік анықталса, бірден жеткізуші фирмаға кері қайтарылады.

Жанболат Торыбаев, білім басқармасы жанындағы ақпараттандыру орталығының маманы:

– Бір компьютердің мониторы дұрыс істемеді. Өкілі бірден істейтінін алып келді. Ал бір ноутбуктің паролі болған, бірақ өкілі келді де барлық мәселені шешіп берді. Өзіміз араласпаймыз. Өкілі келіп барлық мәселені шешіп қою керек. Қандай ақаулары бар екенін.

Ноутбук аймаққа Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізілді. Қосалқы бөлшектердің 30 проценті – қазақстандық өнім. Бастапқы уақытта техника қорда сақталады.   

Мейрамғали Тайыпов, білім басқармасы жанындағы ақпараттандыру орталығы директорының орынбасары:

– 158 мектеп қашықтан оқиды. Осы мектептің балалары дистанционды форматта компьютермен жабдықталған. Егер Қостанай облысында пандемия асқынатын болса, онда сатып алынған компьютерлерді сол балаларға үлестіреміз.

Бірінші тоқсанда аймақ оқушыларының 58 проценті қашықтан білім алды. Бұл – шамамен 64 мыңнан аса адам. Жалпы қашықтан оқытудың қолжетімділігін арттыру үшін республикалық қазынадан облысқа 2,4 млрд теңге бөлінді. Қыркүйек айынан бері 8 мыңға жуық компьютер, ноутбук, планшет сатып алынды.   

Ольга Козлюк, білім басқармасы жанындағы ақпараттандыру орталығының директоры:

– Оқу жылы басталмай жатып, 12 458 компьютер мектептерге тең бөлінді. Олар аз қамтылған отбасылардағы балаларға уақытша пайдалануға берілді. Қараша айының соңына дейін тағы 6856 ноутбук алуды көздейміз.

Қазір облыс бойынша мектептердің жартысынан көбі дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Басым бөлігі ауылды жерлерде орналасқан. Ал қалалар мен аудан орталықтарында бастауыш сыныптары сұранысқа ие. Ондағы 23 мыңдай оқушы кезекші топтарда білім алып жатыр. 

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы