422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда эпидемиологиялық жағдай ушығып барады

  • 132
  • UPD: 10:10, 11.11.2020
Оралда эпидемиологиялық жағдай ушығып барады

БҚО-да тек қараша айының басынан бері 300-ге тарта адам қатерлі індетке шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек соңғы тәулікте аймақта 26 адамнан осы індеттің белгілері анықталыпты. Қабылданған жаңа қаулы талаптарының мүлтіксіз орындалуына облыстағы волонтерлер де атсалыспақ . Олар қоғамдық көліктерде жолаушыларға тегін бетперде таратып, шектеу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісті. Айта кету керек, қазір облыста 10 мыңға жуық волонтер бар. Коронавирус індетімен күресуге 1085 волонтер іріктеп алынған. Соның ішінде 400 волонтер Орал қаласында қызмет атқарса, 685-і аудан орталықтарында жұмыс істейді.

Нұрхат Ораш, облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а.:

– Волонтерлердің негізгі қызметі: азық-түлік себеттерін жасақтау, оларды жеткізіп беру, қоғамда осал қатардағы азаматтарға жеткізу, маска тарату. Соның ішінде жалғызбасты қарияларымыз, ҰОС ардагерлері – барлығына мейлінше жағдай жасайтын боламыз. Қазіргі карантин талаптарына сәйкес 65 жастан асқан азаматтардың үйден шығуына тыйым салынған. Аталмыш шараларға 109 байланыс нөмірінде 2 волонтеріміз отыр. Сол жаққа қоңырау түскен жағдайда волонтерлер лезде өздерінің жұмыстарын атқаратын болады.

Хабар 24 телеарнасы