423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбеде автобус аялдамаларының жағдайы сын көтермейді

  • 266
  • UPD: 10:47, 11.11.2020
Ақтөбеде автобус аялдамаларының жағдайы сын көтермейді

Ақтөбеде жөні дұрыс автобус аялдамасы қалмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық көліктер тоқтайтын орындардың көбі қирап қалыпты. Әйнек пен қаңылтырдан жасалғандары жазда аптап ыстықтан қорғамайды, қыста аяз бен желден қорған бола алмайды. Кейбіреуінде тұрудың өзі қауіпті. Әлеуметтік желі тұрғындардың арызына толы. Облыс орталығындағы жылы аялдамалар санаулы ғана. Оның өзі жеке кәсіпкерлерге бөлінген жер телімдерінде. Жергілікті билік бизнес өкілдерін тарту арқылы қираған аялдамаларды ретке келтіруге сыңай танытқан. Желтоқсан айында тағы 35 нысанға байқау жариялайды.

Ислам Ізбасқанов, қалалық Жер қатынастары бөлімі жетекшісінің орынбасары:

– Жылдың басында бізде екі аукцион өткізілді. Соның ішінде 9 жер учаскесін қатысушылар алды. 8-і енді ашылды. Тағы біреуі қазір құрылысты бітірейін деп жатыр. Жақында ашылады. Аялдаманы 20 жылға жалға береміз.

Хабар 24 телеарнасы