425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

  • 89
  • UPD: 11:29, 11.11.2020
Отандық сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен бірдей болды.

Жүк автокөлік құралдарын ауыстырып тиеуде біршама өсім бар, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Отандық сауда флоты осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,8 млн тоннадан астам жүк, оның ішінде Ақтау – Баку фидерлік желісімен 10,6 мың контейнер тасымалдады.

Ішкі су жолдары бойынша биылғы 10 айда жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,44 млн тоннаны құрады. Оның 233 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды.

Хабар 24 телеарнасы