422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Малайзияда коронавирус салдарынан жұмысшылар табысынан айырылды

  • 98
  • UPD: 15:38, 11.11.2020
Малайзияда коронавирус салдарынан жұмысшылар табысынан айырылды

Малайзияда коронавирустан көптеген адам жұмысынан айырылып, күн көру үшін түрлі еңбек етуге мәжбүр6 деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – «Malindo Air» әуе компаниясында ұшқыш болған Азрин Завауи. Індеттен бірлестік дағдарысқа ұшырап, 4 баланың әкесі жұмыссыз қалады. Бірақ ұшқыш қиындыққа мойымай, өз кәсібін ашады. 44 жастағы Азрин күн сайын ұшқыш киімін киіп ұлттық тағамдарды сатумен айналысады. Оның ең сүйікті тағамының бірі – карри кеспесі. Азрин асханасы ерекшелігінің бірі – оның өз тағамдарын адамдарға ұшқыш киімінде ұсынуы.

Азрин Мохамад Завауи, бұрынғы ұшқыш:

– Жұмысымнан айырылып қалған соң кіріс азайып, күнкөрісіміз қиындады. Содан әйеліміз екеуіміз өз кәсібімізді ашуды ұйғардық. Ісімізді дайындап қойған соң мен оған соңғы рет ұшқыш киімінде суретке түсіп, әлеуметтік желіде жариялауды ұсындым. Нәтижесінде бұл көпшілікке ұнап, кәсібімізде пайдалануды шештік.

Хабар 24 телеарнасы