424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жолаушылар тасымалы шектелді

  • 96
  • UPD: 15:39, 11.11.2020
Қостанай облысында жолаушылар тасымалы шектелді

Қостанай облысында әуе және теміржол арқылы жолаушылар тасымалына шектеулер қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қостанайдан Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшатын рейстер 1 желтоқсанға дейін қысқартылды. Ал Шымкентпен әуе қатынасы келер жылдың 21 наурызына дейін жабылды. Шығарып салушылар мен күтіп алушыларға әуежай терминалына кіруге рұқсат жоқ. Облыс орталығы вокзалынан Алматы және Қарағандыға қатынайтын жолаушылар пойызы бұдан былай күнара жүреді. Аялдамалар алты ірі станцияда орналасады. Транзитті пойыздар да тек Арқалық, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Железорудный және Қостанай вокзалдарында тоқтайды.

Вячеслав Миронов, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» Қостанай филиалының директоры:

– Шамамен 42 жолаушы вагоны жұмысссыз қалайын деп тұр. Олар Қостанай стацниясындағы бөлек теміржолға қойылады. Вагондар қыста қатып қалмас үшін жылу, сумен тұрақты түрде қамтылады. Шектеулер аяқталғанда біз оларды еш қиындықсыз қайта жолға шығара аламыз.

Хабар 24 телеарнасы