422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада орталық теміржол ауруханасын жаңғырту мәселесі талқыланды

  • 96
  • UPD: 15:32, 11.11.2020
Елордада орталық теміржол ауруханасын жаңғырту мәселесі талқыланды

Елордада жеке инвестицияларды тарту есебінен орталық теміржол ауруханасын одан әрі жаңғырту мәселесі қолға алынды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің instagram парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Орталық теміржол ауруханасын жаңғырту мәселесі бойынша инвесторлармен кездесу өтті. Ruzgar Tedavi Hizmetleri Company компаниясының өкілдері мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында аурухананың жаңа корпустарын салуға да мүдделі. Инвесторлар осы медициналық мекемеге барып, стационардың қабылдау, диагностикалық және жалпы хирургия бөлімдерінің және т.б. жұмысымен танысты. Бұл компанияның денсаулық сақтау нысандарын салуда айтарлықтай тәжірибесі бар.

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы орталық теміржол ауруханасының апатты жағдайын атап өтті. Ғимаратты күрделі жөндеу 60 жыл бойы жүргізілген жоқ. Аурухана жұмысын қолдау үшін екі корпуста ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жеке инвестицияларды тарту есебінен аурухананы одан әрі жаңғырту мәселесі қолға алынды.

Сонымен бірге осы аурухананың орналасқан жері мен ауданда халық тығыз орналасқанын ескере отырып, Сарыарқа ауданында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 800 орындық көпсалалы аурухана салынады. Медициналық мекеме әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталады», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы