422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алена Горбачева: Тікелей эфир – жалған ақпаратқа төтеп берудің жолы

  • 171
  • UPD: 16:50, 11.11.2020
Алена Горбачева: Тікелей эфир – жалған ақпаратқа төтеп берудің жолы

Пандемия кезінде тікелей эфирден ақпарат беру әртүрлі фейк ақпаратқа төтеп берудің жолы екенін көрсетті.

Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының директоры Алена Горбачева онлайн форматта өткен «Astana Media Week 2020» іс-шарасында айтты.

«Пандемия кезінде тікелей эфирден ақпарат беру әртүрлі фейк ақпараттарға төтеп берудің жолы екенін көрдік. Өйткені ол кезде әлеуметтік желілер арқылы әртүрлі жалған ақпараттар кең тараған болатын. Сондай кезде біз тез арада сол жерге барып, тексеріп, белгілі бір коментарийлерді алып, шынымен не болып жатқандығын көрсету үшін тікелей эфирге шықтық. Полиция қызметкерлерімен бірге рейдтерге барған болатынбыз, журналистер «қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді, шектеу шаралары сақталуда ма?» деген секілді сұрақтарға жауап алды. Мұның барлығы тікелей эфирден жүргізілді. Тікелей эфир – адамдардың өзіндік сенімі», - деді телеарна директоры.

Айтуынша, ақпараттық жағынан алатын болсақ, телеарна интернет ресуртарды басып оза алмайды, бірақ тікелей эфир интернетпен тікелей қарым-қатынаста жүруге мүмкіндік береді.

«Пандемия барысында журналистер операторсыз, режиссерсіз, өздері телефонға түсіріп, ақпараттарды берген болатын», - деп айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы