424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Азаматтық форумға дайындық басталды

  • 112
  • UPD: 19:50, 11.11.2020

Елордада азаматтық форумға дайындық басталды. Екі жыл сайын қоғам белсенділері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірлесіп, қоғамдағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырады.

Форумға дайындық аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық ұйымдардан бөлек Қазақстанның азаматтық альянсымен серіктестікте жұмыс істейді. Қазір соңғы бірнеше аптада республика бойынша мемлекеттік емес ұйымдардың жергілікті жиындары өтті. Онда форумда көтерілетін өзекті мәселелер айқындалады. Азаматтық форум – бұл қоғам белсенділері мен билік өкілдері үшін диалог алаңы. Жиында қоғамдық ұйымдар өздерін толғандырған сұрақтарды министрлерге тікелей эфирде қоя алады. Жалпы азаматтық форум Қазақстандағы қоғамдық институтты дамытуға бағытталған. Коронавирус пандемиясына байланысты форумды өткізу форматы өзгерді. Биыл жиын 23 қараша мен 27 қараша аралығында «Азаматтық қоғам апталығы» түрінде өтеді. Ел аумағында кездесулер онлайн және офлайн форматта болады.   

Лима Диас, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі:

- Форумда қаралатын маңызды мәселелердің бірі азаматтық қоғам мемлекет және бизнес арасындағы үш жақты ынтымақтастық. Азаматтық қоғам институтын тек бірлесіп дамыта аламыз. Біз мемлекеттік емес ұйымдар, қоғам белсенділері журналистер мен блогерлерді форумның күн тәртібінде қаралатын сұрақтарды  құрастыруға шақырамыз. Жиынға 10 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Азаматтық форумның жұмысы интернетте тікелей эфирде көрсетіледі. 

Нұргүл Ұлжекова, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры:

- Азаматтық форум жұмысының нәтижесінен күтетініміз ең бастысы, мемлекеттік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер арасында ынтымақтастықты жетілдіру. Мысалы, мен өзім жұмыс істейтін инклюзивті білім беру және инклюзивті спортты дамыту жолдарында үкімттен қолдау көрсетсе деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы