425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысы көршілес өңірлермен қатынасты шектейді

  • 142
  • UPD: 20:18, 11.11.2020
Қостанай облысы көршілес өңірлермен қатынасты шектейді

Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Қостанай облысы іргесін жауып жатыр.

Бүгін түнгі 00:00-ден бастап аймаққа Ресейден және көрші облыстардан кіруге, шығуға шектеу қойылады. Күре жолдар бойына санитарлық бекеттер орнатылады. Жүргізушілер мен жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, сауалнама алынады. Шекарадан ПТР сынама нәтижесі бар адамдарға өтуге рұқсат. Аймақта әуе, темір жол арқылы жолаушылар тасымалы қысқартылды. Қостанайдан Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына ұшатын рейстер саны бірінші желтоқсанға дейін азайды. Шымкентпен әуе қатынасы келер жылдың 21 наурызына дейін жабылды. Қостанай вокзалынан Алматы және Қарағанды бағытындағы пойыз енді күнара жүреді. Автокөліктер таңғы алтыдан кешкі 22:00-ге дейін жүреді. 

Виталий Цой, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Санитарлық бекеттердегі полицейлер «Блок пост» бағдарламасы орнатылған планшеттермен жабдықталған. Олар жеке сәйкестіндіру және көлік номерін енгізу арқылы кіріп шыққан темір тұлпарларды есепке алады. Жүргізушілерден қандай да бір рұқсат қағазы талап етілмейді.

Хабар 24 телеарнасы