420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте аймақтардағы БАҚ қызметі талқыланды

  • 121
  • UPD: 21:30, 11.11.2020

Мәжіліс депутаттары ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат телерадио хабарларын тарату, ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Атап айтқанда, заң жобасында мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құруға, республикалық және өңірлік комиссиялардың мәртебесін бекітуге қатысты ұсыныстар көрініс тапқан.  

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Біз зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Республикалық деңгейдегі көптеген стратегиялық бағдарламалар мен құжаттар аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарында төмен деңгейде қамтылатыны белгілі болады. Сондықтан мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатын қалыптастыру өте маңызды.  

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Министрлік мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатын қалыптастыру жүйесін мықтап қолға алғаны өте жақсы. Ол үшін заңнамалық норма қажет, ал біз қолдаймыз. Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық саясат керек деп, Мемлекет басшысы да айтқан. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» сынды ауқымды бағдарламалар жөніндегі ақпарат тұрғындарға жетуі тиіс. Газдандыруға қатысты көп жұмыс атқарылды. Бастысы, механизм. Мемлекеттік тапсырысқа қатысты заңнамалық актілер негізінде дұрыс ережелер әзірленуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы