423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы ауруханаларға 36 реанимобильдің кілті табыс етілді

  • 105
  • UPD: 22:45, 11.11.2020

Қарағанды облысындағы ауруханаларға 36 реанимобиль берілді. Жыл соңына дейін тағы 24 техника жеткізіледі. Осылайша өңірде жедел-жәрдем көлігінің тапшылығы түбегейлі жойылады. Індеттің екінші толқынына кенді аймақтың дайындығы қалай?

Індеттің алғашқы толқынында жедел жәрдем көлігі жетіспей, абдырап қалғанымыз рас. Сол сыннан сабақ алған жергілікті билік қазір автопаркті жаңартып жатыр. Жыл соңына дейін емдеу мекемелеріне 60 техника берілмек.

Облыс басшысының айтуынша, бүгінгі күні өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі:

- Қазір эпиджағдай бізде жаман емес, тұрақты. Мысалы, біз осы жағдайға 44-45 госпиталь дайындағанбыз. Қазір тек ғана 17-сі жұмыс істеп жатыр. Оның төсек-орын жағынан 4 проценті қазір толып тұр. Қалғандары бәрі бос.  

Реанимобильдің іші заманауи қондырғылармен толық жабдықталған. Жол үстінде келе жатып, науқастарға алғашқы көмекті көрсетуге болады. Ақжелең иелері бұл жедел жәрдем қызметін бұрынғыдан да жылдам әрі сапалы етуге септігін тигізетінін айтып отыр. 

Гүлім Орынбекова, фельдшер: 

- Керемет машина. Себебі пациенттер ауыр жағдайда болады, көмек көрсетуге ыңғайлы. Орын көп, барлық керек нәрсе қолдың астында. Дефриблюратор, сорғыш, бәрі қол астында, сондықтан кішкене жеңіл болады көмек көрсетуге.  

Айта кету керек, жуырда ғана облысқа 3 автобус берілген болатын. Бұл жылжымалы емханалар шалғайдағы ауыл-аймаққа барып қызмет көрсетеді. Енді таяуда жол талғамайтын тағы бір медициналық көлік өңірге жеткізілмек.   

Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы