422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодардағы шағын ауданда жерасты сулары қайта көтерілді

  • 93
  • UPD: 09:26, 12.11.2020

Павлодар қаласының екінші Павлодар шағын ауданының тұрғындары тағы дабыл қақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауын-шашын салдарынан жерасты сулары қайта көтеріліп, азаматтардың мазасын алды. Олар жауапты органдардың жұмысына наразы. Себебі шенеуніктер уәде еткен орталық кәріз жүйесі әлі күнге дейін іске қосылмаған. Су сору жұмыстары күнбе күн жүргізілсе де, жағдай жақсармай тұр. Қазіргі уақытта Архангельская және Таллинская көшелеріндегі үйлердің жер-төлелері суға толып кеткен. Ал әкімдік өкілдері осы үйлердің «су басқан үйлер картасына» енгізілмеген деп жауап қайтарды. Мәселен, түбегейлі шешу үшін 13 көшеге шақталған орталық кәріз жүйесі тартылды. Бірақ сынақ кезінде жүктеменің шамадан тыс екені анықталып, жүйе сол күйі тоқтап тұр. Оның құрылысына жарты миллиард теңге жұмсалғаны белгілі.

Айта кетейік, жергілікті билік кәрізді осы жылдың тамыз айында қолданысқа беруге уәде берген. Дегенмен жоба сол күйі іске қосылмады.

Валентина Илонова, шағын аудан тұрғыны:

– Төрт жыл ішінде жертөлеміз бірінші рет кепті. Бірақ қуаныш көпке бармады. Жерасты сулары қайта көтерілді. Үйлеріміз дымқыл тартып барады. Жәндіктер көбейіп кетті. Үйлеріміздің іргетасы сөгіліп жатыр. Қыс болса, жақындап қалды.

Салтанат Әкімбекова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

– Павлодар қаласының әкімдігіне Таллинская және Архангельская көшелерінің тұрғындары шағымданды. Олар қос көшені шағын ауданның су басқан аумағына енгізуге өтініш білдірді. Енді комиссия мүшелері тексеріс жүргізеді. Кейін тиісті шараларды қолға алады.

Хабар 24 телеарнасы