425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЖҚЖК аясында 207 мың адам жұмысқа орналасты

  • 89
  • UPD: 11:02, 12.11.2020
ЖҚЖК аясында 207 мың адам жұмысқа орналасты

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде 6,7 мыңнан астам жобаны іске асыру басталды, оларда 130 мың теңгелік орташа жалақымен 207 мың адам жұмыспен қамтылған.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90%-інің тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады, деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Жұмысшылардың кемінде жартысын жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдайды, басымдық жұмыссыз жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс.

1 қарашадағы жағдай бойынша өңірлерде 6,7 мың жоба бойынша жұмыс басталды. 207 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 112 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Бағдарламаға қатысушылардың жартысы ауыл тұрғындары, 40% – жастар және 7% – табысы аз азаматтар.

ЖҚЖК шеңберінде жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі Шығыс Қазақстан (20,5 мың адам немесе 108,8%), Қызылорда (9,4 мың адам немесе 101,2%) және Атырау (7,3 мың адам немесе 102,9%) облыстарында.

Бұған дейін хабарланғандай, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

Хабар 24 телеарнасы