422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

  • 97
  • UPD: 11:20, 12.11.2020
Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімін кейінге шегеру жоспарланып отыр, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенат отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске («Салық кодексі») өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Салық төлеушілерге ыңғайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсаннан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады», - деді Дәленов.

Хабар 24 телеарнасы