422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Astana Media Week 2020: екінші күн

  • 81
  • UPD: 13:25, 12.11.2020

Бүгін Astana Media Week 2020 онлайн форумының екінші күні.

Қатысушылардың бейнеконференциясын ресми сайтындағы тікелей эфир арқылы көруге болады. Бірер минут бұрын америкалық телепродюсер, «Эмми» марапатын үш мәрте алған Билл Айрайнхофер мен журналист Евгения Власова әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдарының қашықтан атқарған жұмыстары туралы баяндады. Олар Covid-19 өршіген кезде америкалық тілшілердің қызметін мысалға келтірді. Мұхиттың арғы жағындағы әріптестеріміздің әр кездесуі тек онлайн өтеді. Ал журналистер ақпаратты жедел жеткізу үшін смартфондарын жиі пайдаланады. Студиядағы жүргізушілер әлеуметтік қашықтықты сақтайды. Отандық тілшілердің карантин кезіндегі жұмысына күні кеше ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек ОйШыбаев та айтқан болатын.

Кемелбек Ойшыбаев, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

– Пандемия кезінде ресми бұқаралық ақпарат құралдары хабар таратудың басты көзіне айналды десек болады. Өйткені сапа мен шынайылық бірінші орынға шықты. Жалған ақпарат арқылы қоғамдық дүрліктіргісі келгендердің жолын кесу жұмыстары да жүргізілді. Мәселен, биыл сәуір айында Қазақстанда өзге контенттерден жаңалықтарға ауысу трафигінің көрсеткіші 72,5 млн-ға дейін артты. Бұл жаңалықтар шығарылымына деген сұраныстың артқанын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы