423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелден келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

  • 111
  • UPD: 11:49, 12.11.2020
Шетелден келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Өткен түні елімізге Шарм-эль-Шейхтен 241 жолаушы ұшып келді.

Олардың 219-ында коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама болса, қалған 22-сі тиісті құжатты көрсете алмады. ПТР сынама тапсыру барысында бір жолаушыдан коронавирус анықталды. Қазан айынан бастап елордада осындай 9 дерек тіркелді. Ұшақтың 22 жолаушысы карантинге жатқызылды.

Жалпы, Қарашаның 11-інен 12-сіне қараған түні Қазақстанға 8 әуе рейсі келген. Олар Түркиядан, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия және Ресейден 988 жолаушы ұшып келді. 952 адам ПТР анықтамамен, ал 36 қазақстандық құжатсыз келген.

Хабар 24 телеарнасы