424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атышулы «Гарант 24-ке» қатысты тергеу аяқталды

  • 92
  • UPD: 13:33, 12.11.2020
Атышулы «Гарант 24-ке» қатысты тергеу аяқталды

Оның қорытындысына сай алаяқтық жасады деген күдікпен 56 тұлға ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 30-ы қамауда отыр. Тағы 5 күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов онлайн брифингте айтты.

Еске сала кетейік, қаржы пирамидасын құрғандар 18 мың адамды сан соқтырған. Келтірілген шығын көлемі 22 млрд теңге шамасында. Жапа шеккендердің ақшасы сот шешімі бойынша қайтарылады. Қылмыстың мұндай түрінің азаймауына азаматтардың тез табысқа кенелемін деген соқыр сенімі себеп болып отыр. Сондықтан ІІМ-нің өкілдері халықты күмәнді кәсіпке ақша салмауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы