419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда заңсыз қаржы пирамидасын ұйымдастырған шетелдіктер анықталды

  • 360
  • UPD: 15:12, 12.11.2020
Қазақстанда заңсыз қаржы пирамидасын ұйымдастырған шетелдіктер анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті шетел азаматтарының қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықтады.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары өздерін «Unique finance» шетел компаниясының өкілдері ретінде таныстырып, тұрғындарға ақша қаражаттарын «Pepsi», «Nike», «Microsoft», «Ford», «BMW» секілді халықаралық ірі компаниялардың бағалы қағаздарына инвестициялауды ұсынғандығы белгілі болды. Салымшыларға ай сайын жалпы салған сомаларының 6%-і көлемінде, сондай-ақ жаңадан тіркелген серіктестің салым сомасынан 5% пайда алатыны уәде етілген. Осы компанияға ең төменгі салым 1000 АҚШ долларын құрағанын атап өткен жөн.

Бірақ шындығында пирамида ұйымдастырушылары салымшыларға «брендты» компаниялардың жалған акцияларын ұсынып, олардың ақша қаражаттарын иеленіп отырған. Олар мұндай заңсыз қызметті Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларында жүргізген.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 217-б. 2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргілуде.

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті егер «Unique finance» компаниясына ақша қаражатын салған болсаңыз, ресми арызбен жүгіну қажеттігін хабарлайды.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы