420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

  • 94
  • UPD: 15:36, 12.11.2020
Ақмола облысында мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Ақмола облысында жыл басынан бері 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қайта азайғаны. «Былтыр 1 мың 600 адамның алкогольдік ішімдік ішіп алып, рөлге отырғаны анықталған еді», – дейді жергілікті полицейлер. Заң қатаңдатылып, жаза күшейсе де, жүгенсіз жүргізушілерге тосқауыл болмай тұр. Тіпті бір рет ұсталып, көлік басқару құқығынан айырылса да, қайтадан ішімдік ішіп темір тұлпар тізгіндейтіндер де көп. Мәселен, биыл осындай 143 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Яғни 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, жақында Щучинск қаласында патрульдік көлікті жоғары жылдамдықпен келіп соғып, қос полицейдің өліміне сеп болған 25 жастағы жігіттің де рөлге мас күйінде отырғаны белгілі болды.  

Әсет Байтеленов, облыстық жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары:

– Әкімшілік және қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіліп, заңбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтудің нәтижесінде қазір жол-көлік оқиғасы азайды. Бірақ жол апатынан көз жұмғандар мен жарақат алғандардың қатары кемімей тұр. Сондықтан көлік иелеріне ішімдік ұрттап, рөлге отырудың соңы ауыр қайғыға алып келетінін қатаң ескерткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы