423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

AMW 2020: ақпаратты әлеуметтік желіден іздеушілер көбейді

  • 105
  • UPD: 17:39, 12.11.2020

Қазіргі уақытта әлемдегі дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі қашықтан жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатаң карантин тәртібі кезінде тұтынушылардың тұтыну көрсеткіші төмендегенімен, әлеуметтік желі қолданушыларының саны артты. Әсіресе шұғыл және сенімді ақпарат көздеріне сұраныс өсті. Бұл туралы АБУ Медия Академиясының директоры Стив Ахерн Astana Media Week 2020 форумы кезінде айтты. Нақтылай түссек, бейнепорталдарға контент жүктеушілер көбейді. Қызығы сол, ондағы қаралымның көп немесе аз болуы сапаға байланысты емес деген пікірді айтты. Әлеуметтік желілердегі сыни пікірлерге реакция білдіру туралы да сөз болды.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

– Менің ойымша, ешбір адам журналиске әңгіме айта алмайды. Журналист сияқты камераны қалай қою керек, мақаланы қалай жазу керек, қанша жолдан тұру керек, тәртібі мен ережесі қалай деп ешкім айта алмайтын сияқты. Олай болатын болса, әр кәсіп өзінің болашағын, өзінің қадір-қасиеті үшін күресуі де керек сияқты. Онсыз біз қоғам ретінде деградацияға түсе береміз.

Хабар 24 телеарнасы