423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыдағы өңірлердің су мәселесі келер жылы толық шешіледі

  • 98
  • UPD: 18:26, 12.11.2020
Қарағандыдағы өңірлердің су мәселесі келер жылы толық шешіледі

Қарағанды облысындағы бірқатар қала орталықтандырылған сусыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек түйткіл түйіні шешілетінін хабарлады. Бұл бағытта 90 жоба іске асып жатыр. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында орындалып жатқан мақсатқа 13,8 млрд тг жұмсалды. Соның нәтижесінде биылдың өзінде қала халқын орталықтандырылған сумен қамту 98%-ке атқарылады. Әсіресе Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы өзекті мәселе түйінін тарқатады.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

– Мәселені шешу үшін «Қазақмыс» корпорациясы бөлген қаражатқа Кеңгір су қоймасынан 1 шақырым резервтік су тартқышын салдық. Жыл соңына дейін Үйтас-Айдос суағарын қайта жаңарту жобасы әзірленеді. Бұдан басқа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 7 млрд теңге бөлген қаржыға Есқұла су тартқышын салу және қайта жаңғырту жобаларын іске асырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы