423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында тәулігіне 10 мың ПТР тест алу мүмкіндігі бар

  • 102
  • UPD: 18:08, 12.11.2020
Қарағанды облысында тәулігіне 10 мың ПТР тест алу мүмкіндігі бар

Коронавирустың екінші толқынына Қарағанды облысында 5200 төсек-орны дайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 8 ПТР зертханасы жұмыс істеп тұр. Қазір күніне 3 мың сынама алынса, індет өршіген жағдайда 10 мың адамға қызмет көрсетіледі. Дайындалған 49 арнайы аурухананың 17-сінде науқастар емделіп жатыр. Қалғандары кез келген жағдайға сақадай сай. Емдеу мекемелеріндегі науқастарға арналған орындардың толуы 4%-тен аспайды. Бұл – ел аумағындағы ең төменгі көрсеткіш.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

– Биыл денсаулық сақтау саласының 49 нысандарында жөндеу жұмыстары жүргіздік. Мысалы, қосымша Жезқазған қаласында 200 орындық модульдік аурухана салынды. Нәтижесінде биылғы жылдың көктемінен бастап ауруханадағы орын саны 3 еседен аса ұлғайды. Бұл ретте жоспарлы медициналық көмек сақталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы