422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде карантин режимі күшейтіліп жатыр

  • 125
  • UPD: 20:04, 12.11.2020
Елімізде карантин режимі күшейтіліп жатыр

Соңғы тәулікте елімізде 587 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

188 тұрғын пневмонияға шалдыққан. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Өткен аптада ауырғандар арасында 62 оқушы да бар. Сондықтан елде карантин шаралары күшейтіліп жатыр.

Мәселен, мемлекеттік шекарадан өту талаптары қатаңдатылып, әуе рейстерінің саны қысқартылды. Бір ай ішінде ел шекараларынан 200 мыңға жуық адам өткен. Олардың 364-інде инфекция анықталды. Сала мамандары елімізде індетпен күресуге медициналық мекемелер дайын екенін әрі дәрі-дәрмектің жеткілікті қоры барын атап өтті. Жаңа 14 модульдік аурухана салынды. Ведомство өкілдері ел аумағында рейд тексерулер жалғасатынын ескертеді. Өйткені карантин талаптарына қарамастан тәртіп бұзатындар азаймай тұр. Бір аптада 1329 азамат жауапқа тартылды.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

– Соңғы 2 аптада ел өңірлерінде коронавируспен сырқаттану көрсеткіші күрт өсті. Өткен аптамен салыстырғанда 1,7 есе өсті. 45%-і ШҚО тіркелді. Қостанайда 4 есе, БҚО-да 3,2, Павлодарда 2,7 есеге айтарлықтай өсу байқалуда.

Хабар 24 телеарнасы