425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

GYLYM TALKS: отандық вакцина тиімді бола ма?

  • 99
  • UPD: 20:04, 12.11.2020
GYLYM TALKS: отандық вакцина тиімді бола ма?

Қазіргі уақытта сынақтан өткізіліп жатқан вирусқа қарсы QazCovid-In вакцинасы шетелдік нұсқаларынан артық болмаса, кем емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закария айтты. Онлайн отырыста ғалым қазақстандық вакцинаның алғашқы сынақ кезеңі аяқталғанын айтты. Ұлттық сараптама орталығына жолданған нәтижелер жаңа дәрілік заттың қауіпсіз екенін көрсетті. Еріктілердің ағзасында кері әсер байқалмаған. Сынақтың екінші кезеңі осы айдың соңында бітуі тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берсе, үшінші фаза да басталады. Зерттеу жұмыстары келер жылдың сәуір айында аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы