425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында мал ұрлығы көбейді

  • 248
  • UPD: 22:09, 12.11.2020

Соғым соятын уақыт жақындаған сайын етке сұраныс артады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісінше осы уақытта мал ұрлығы да көбейеді. Барымташылардың жолын кесу үшін Полиция басқармасы облыс аумағына 25 бекет қойған. Тәртіп сақшылары күніге орташа есеппен 500 мыңға жуық көлікті тексереді . Соның нәтижесінде тек соңғы бір айда 6 қылмыс ашылып, 30-дан астам жылқы иелеріне қайтарылған.

Алмас Жақаев, Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

– Мал өнімдерін тасымалдайтын ветеринарлық анықтама болуы тиіс. Мүмкіндік болған жағдайда жергілікті учаскелік полиция инспекторымен қол қойылып, мөр соғылуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылады.

Оңай олжа тапқысы келгендер тек малды ғана емес, аңдарды да аяусыз қырып жатыр. «Броконьер» жедел алдын алу шарасы барысында заңсыз аң аулағандардан 700-ге жуық қару-жарақ тәркіленді. Сондай-ақ «Қызыл кітапқа» енген 83 жануардың еті табылған.

Батырхан Сағадиев, Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің инспекторы:

– Жыл басынан бері 848 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 1046 заңбұзушылық фактісі анықталып, 65 қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, қазір елімізде броконьерлерге қарсы заң күшейген. Бұған дейін аң атқандар 5 жылға сотталса, қазір жаза мерзімі 12 жылға ұзартылды.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы