424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда қоғамдық көліктегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 88
  • UPD: 00:13, 13.11.2020

Қарағандыда қоғамдық көліктегі адам санын азайту үшін автобустардың жүру кестесін жиілетіп, әлеуметтік маңызды бағыттарға қатынайтын көлік санын арттыру жоспарланып отыр.

Себебі санитарлық талаптың сақталуын қадағалайтын мобильді топ қоғамдық көлікте әлеуметтік арақашықтық сақталмайтынын сан мәрте ескерткен. Бұл түйткілді мәселені шешуге қаншалықты ықпал етеді?

Қарағанды қаласында санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайтын 10 мобильді топ құрылған. Олар тәулік бойы әртүрлі нысанда өз құзіретінде бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Тек бір айда 1000-ға жуық автобусты тексеріпті. Салдарынан 50-ге жуық қоғамдық көлікте талаптардың сақталмайтыны белгілі болған.

Ескендір Қабидулла, қалалық Жолаушылар көлігі секторының жетекшісі:

– 53-інші, 43-інші, 40-ыншы маршруттардың санын ұлғайтамыз. Себебі бұл бағытта қашанда жолаушылардың нөпірі қалың. Қосымша автопарктермен тағы да жұмыс жүргізіп, кей автобустар белгілі бір аялдамалардан бастап жүретін болады. Бұл да автобусқа мінетін адам қарасын барынша азайтуға бағытталған. Жолаушылардың 100% маска киіп, сақтық шараларын сақтауын қадағалайтын боламыз.

Жалпы алғанда пандемия жарияланғалы бері қоғамдық көліктерде сақтық шаралары күшейтілгені рас. Сондықтан автобустар соңғы аялдамаларда мұқият жуылып-шайылып, желдетілуі тиіс. Сондай-ақ алда ақтүтек боран мен сарышұнақ аязда автобустар істен шығып, тағы да таршылық болмау үшін техникалық қадағалау күшейтіліп, қысқы жанармай алынған. Техникалық қызметшілердің де жағдайы назарда. 

Халел Әкімжанов, қала әкімінің орынбасары:

– Автопарк қожайындарына хат жолдап, қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жолданды. Нәтижесінде жүргізушілер мен кондукторларға маусымдық тұмау, менингококк сынды инфекцияларға қарсы вакцина егілді. Жалпы қала бойынша 64 мыңға жуық адамға осындай вакцина салынған.

Қазір Қарағанды қаласындағы 245 дәріханада 3 айлық дәрі қоры бар. 17 стационарда 2 мың орын жасақталған. Қазір ондағы науқастар жалпы орынның 4% ғана құрайды.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы