425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында Ғ.Байтасовты еске алу шарасы өтті

  • 121
Жамбыл облысында Ғ.Байтасовты еске алу шарасы өтті

Жамбыл облысында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

2011 жылы лаңкестер қолынан қаза тапқан ол Ішкі істер департаменті жол полициясы батальонының взвод командирі болып қызмет атқарған еді. Қоғам тыныштығын күзету жолында ерлікпен көз жұмды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Еске алу шарасына марқұмның туған-туыстары, әріптестері және сала ардагерлері қатысты. Жиналғандар қаһарман ұлдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады. Қаладағы тарихи-өлкетану музейінде Ғазиз Байтасовқа арналған естелік тақта ашылды.

Хабар 24 телеарнасы