423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерден кемшіліктер анықталды

  • 117
  • UPD: 10:16, 13.11.2020
Оралда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерден кемшіліктер анықталды

Оралда тұрғындар мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлердің сапасына шағымданды.

Зачаганск кентінде бой көтерген баспаналардың кейбірі сын көтермейді. Былтыр тапсырылған тұрғын үйлердің іргетасы жарыла бастаған. Ал балкондарынан жауынды күндері су кетеді, себебі талапқа сай орнатылмаған. Суағарын да  тұрғындар өздері қойған. Мұнымен қоса пәтерлерде жылыту жүйесінің есептегіш құралы әлі қосылмапты. Арнайы мониторингтік топ 30-ға жуық үйді аралап, мән-жайды саралады. Тексеріс барысында 40-қа тарта кемшілік анықталған. 

Айсұлу Сағитова, қала тұрғыны:

- Бұл үй бір жыл бұрын пайдалануға берілді. Алайда ғимарат сыр бере бастады. Іргесінде жарықтар пайда болды. Біз шағым айттық.  Әзірге ешқандай жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ. 

Біржан Хайруллин, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Жарылу мәселелері болады ғой жардың. Ондай орындар бар. Әсіресе, үлкен бөлмелер жақтарында, балконға шығатын жақтарында. Жүргізілген әрбір мониторинг бойынша қалалық құрылыс бөліміне кепілдік аясында анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар жолдадық.

Хабар 24 телеарнасы