423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан емделіп жатқан балалар саны 400-ден асты

  • 111
  • UPD: 09:12, 13.11.2020
Коронавирустан емделіп жатқан балалар саны 400-ден асты

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 247 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 2 924 науқас жатыр, 5 323 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 192 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Хабар 24 телеарнасы