423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

TengriBank-тің бұрынғы басшылары 5,4 млрд теңге жымқырған – ҚМ

  • 81
  • UPD: 10:42, 13.11.2020
TengriBank-тің бұрынғы басшылары 5,4 млрд теңге жымқырған – ҚМ

«TengriBank» АҚ бұрынғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

«ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметінің басшылығымен құрылған ведомствааралық жедел-тергеу тобы «TengriBank» АҚ бұрыңғы басшыларына қатысты банктің 5,4 млрд теңге қаражатын жымқыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ҚР ҚМ ҚМК баспасөз хабарламасында.

9 қарашада Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен 2 айға дейін қамауға алу бұлтартпа шарасы:

– Банктің бұрыңғы төрағасының орынбасары Ильясов Бахтияр Әбдінұрұлына;

– Банктің Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Жадықов Әсет Өрісбайұлына;

– Банк қызметкерлерінің бақылауындағы мекеме басшысы Жылқыбаева Назгүл Маманшалқызына (жалған құжаттар арқылы 3 млн АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған) санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байналысты жарияланбайды.

Хабар 24 телеарнасы