422.66 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырғандар сотталды

  • 93
  • UPD: 11:27, 13.11.2020
Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырғандар сотталды Liter.kz

Алматылық полицейлер қолға түсірген притон ұйымдастырушысы сот үкімімен 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметтеріне сәйкес, ұсталған азамат алдын ала тергеу барысында анықталмаған белгісіз тұлғалармен топ болып Алматы қаласында жыныстық қызметтер көрсету мақсатында жезөкшелерге арналған притон ұйымдастырған. Аталған факт бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын өткізді.

– Аталған қылмыстық іс бойынша бірқатар жедел-іздестіру шаралары өткізіліп, нәтижесінде күдікті азаматтың жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны, онда жыныстық қызметтер көрсету үшін Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының азаматшаларын тартқаны анықталды. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы өз қарамағындағылардың міндеттерін айқындап берген, тергеу барысында анықталмаған азаматтар жеңіл жүрісті қыздарды күзету мен тасымалдауға жауап берсе, басты күдікті қыздарға клиенттер тауып, сол үшін жезөкшелердің табысының 50% иемденіп отырған. Жеңіл жүрісті қыздарды тұрғын үймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуді өз міндетіне алып, ғаламтор желісінде жарнамалар жариялаған, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бөлім бастығы Әділ Салаев.

Сонымен қатар басты күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру барысында ОСА маркалы тапанша тәркіленген.

– Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен ұсталған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) және аталған кодекстің 287-бабымен (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) айыпты деп танылып, алты жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, – деп атап көрсетті Әділ Салаев.

Хабар 24 телеарнасы