423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауға тек ПТР анықтамасы бар адамдар кіре алады

  • 104
  • UPD: 14:16, 13.11.2020

Көкшетауға енді тек ПТР анықтамасы бар жолаушылар ғана кіре алады. Аймақтың бас санитар дәрігерінің кезекті қаулысы бүгін өз күшіне енді.

Құзырлы органдардың талабы сақталып жатыр ма? Халық қалай қабылдауда? Аймақтың дереккөздері не дейді? Жалпы эпиджағдай, жолаушылар мен көлік қозғалысы қалай болып тұр?

Дамир Берікұлы, тілші:

- Қараша айының 7-сінен бастап Көкшетау қаласының айналысына 6 санитарлық бекет қойылған болатын. Онда  шаһарға кіріп шыққан әрбір адамның дене қызуы өлшеніп, жеке мәліметтері алынып келген еді. Енді міне бүгіннен бастап басқа облыстың тұрғындары өзінің қауіпті дертпен ауырмайтынын дәлелдеу қажет.

Хабар 24 телеарнасы