423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПТР анықтамасы жоқ алты жүзге жуық жүргізуші Павлодар облысына кіргізілмеді

  • 106
  • UPD: 14:19, 13.11.2020

Ертіс өңірінде дүйсенбіден бері 12 блок-бекет жұмысын бастады. Облыс орталығында жұмыс істейтін азаматтар кедергісіз кіріп шығып жатыр. Азық-түлік тасымалдаушыларына да еш кедергі жоқ. Жалпы облыс аумағына бекеттер орнатылғалы бері яғни дүйсенбіден бастап, аймаққа 65 мыңнан астам көлік кіріп шыққан. Сәйкесінше құжаттары түгел болмаған 600-ге тарта машина күнбе-күн кері қайтарылған.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Бұл Павлодар облысындағы ірі тосқауыл бекеттерінің бірі. Мамандардың айтуынша, бұл блок-бекет арқылы тәуілігіне үш мыңға жуық көлік өтеді екен. 

- Бүгін аймақта дауылды ескерту жарияланғаны белгілі. Дегенмен, жауапты мамандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жұмыстарын орындап жатыр. Бақылау пункттерінде мамандар тобы азаматтардың дене температурасын өлшеп, құжаттарын тексереді. Бір бекетте ішкі істер және медицина салаларының 12 маманы 12 сағаттық кезек бойынша жұмыс істейді. Бүгінде сала мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Айта кетейік, олардың жұмысын жеңілдету және тексеру үрдісін оңтайландыру мақсатында алдағы көлік нөпірі көп бекеттерде тепловизорлар орнатылады. Нәтижесінде көлік пен жолаушылар легін тез тексеруге мүмкіндік туады. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Сала мамандарының айтуынша, облыс аумағындағы 12 блок-бекет арқылы күніне 17 мыңға жуық көлік кіріп-шығады екен. Ал құжаттары дұрыс болмаған 600-ге жуық азамат кері қайтарылады. 

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары: 

- Жеке құрамымыз тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Көліктердің негізгі легі таңғы сағат жетіден сегізге дейін байқалады. Кептелістерді болдырмауға тырысамыз. Тосқауыл бекеттеріндегі тәртіпті сақталады. Дауылды ескерту жарияланғалы бері жүргізушілер арасында сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын бастадық. Әзірге бірде бір заң бұзушылық анықталмады. Дене температурасы жоғары азаматтар да тіркелмеді.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Павлодар облысы коронавирустық инфекцияның таралуы байланысты «қызыл» аумаққа енген болатын. Сәйкесінше карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. 

Ақмарал Есімханова және Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы