422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда коронавирусқа байланысты ахуал қиындап кетті

  • 106
  • UPD: 15:49, 13.11.2020
Оралда коронавирусқа байланысты ахуал қиындап кетті

Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қызыл аймаққа енгізілді. Бұған соңғы апталарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы басты себеп. Тек соңғы тәулікте тағы 30 тұрғыннан ауру белгілері анықталып отыр.

Жансақтау бөлімінде емделіп жатқан науқастардың дені егде жастағылар. Қазан айының басынан бері өңірде 45 оқушы мен 7 балабақша тәрбиеленушісі қатерлі індетке шалдығыпты. 10 қарашадан бастап аймақта шектеу шаралары күшейтілді. Сенбі-жексенбі күндері облыс орталығы мен аудандарға кіріп шығатын жерлерге санитарлық бекеттер қойылады. Мобильдік жасақ дәрігерлері күн сайын шамамен 100 шақты қоңырау бойынша науқастарға қызмет көрсетеді.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысының орынбасары​:

- 1-12 қараша аралығында облысымызда барлығы 358 жағдай, яғни коронавирус жұқпасы тіркелген болса, оның 252 жағдайы Орал қаласында тіркелген болатын. Облысымызда жалпы бүгінгі таңда 8 ПТР әдісімен жұмыс атқаратын вирусологиялық зертхана жұмыс жасайды. Оның төртеуі мемлекеттік мекемелерде орналасса, төртеуі жеке бизнес. Бір тәулікте облысымызда 1100-ден 1600-ге дейін сынама жасалады.

Хабар 24 телеарнасы