422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда кезекші сыныптарға созылмалы ауруы жоқ балалар ғана қабылданады

  • 88
  • UPD: 16:36, 13.11.2020

Алматы мектептеріндегі кезекші сыныптарға созылмалы ауруы жоқ балалар ғана қабылданады.

Бұл туралы бүгін онлайн брифингте қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов хабарлады. Бірінші тоқсанда алматылық 26 оқушыдан Covid-19 инфекциясы анықталған. Олардың екеуі мектепке барып жүрген балалар. Ол топтар карантинге жабылды. Бірінші тоқсанда Алматыдағы 1 мың 567 кезекші сыныпта 20 мыңға жуық оқушы білім алыпты. Ал екінші тоқсанда мектепке баратын бала саны артатыны анық. Өйткені 9 қарашада Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 300 адамнан аспайтын оқушысы бар және  бір сыныптағы бала саны 15-тен аспайтын білім ошақтарына дәстүрлі жұмыс істеуге рұқсат берді. Сондай-ақ 5-сыныптарда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші топ ашуға болады.  

Қайрат Жұманов,  қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда 24 мектептің бесінші сынып ата-аналарынан кезекші сыныптарда оқуға 578 өтініш түсті. Кезекші сыныптардың қызметі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы