422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

  • 97
  • UPD: 15:58, 13.11.2020
Елордада бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша елордада бір күн ішінде (айлық норма 28 мм болса) 7,0 мм қар түсті.

Қар тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды. Қаланың барлық ауданынан 5 мың м3-ден астам қар шығарылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

«12-13 қарашаға қараған түні жолдарды, тротуарларды, алаңдарды және қаланың басқа да қоғамдық аумақтарын тазалауға 880-нен астам арнайы техника жұмылдырылды. 12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні 17 мың м3-ден астам қар шығарылды», - делінген хабарламада.

13 қарашада қаланы тазалау жұмыстарына 900-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Аумақтарды тазалауға 1 800-ден астам жұмысшы қатысты.

Қар қаланың барлық ауданында орналасқан 11 полигонға шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы