423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан жолдарында 112 электрондық автоматтандырылған таразы пайда болады

  • 91
  • UPD: 16:37, 13.11.2020
Қазақстан жолдарында 112 электрондық автоматтандырылған таразы пайда болады

Автомобильдің салмақтық габариттік параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған станциялары 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар барлық автожолдарда пайда болады.

Алғашқы таразы-автомат пилоттық режимде келесі жылдың маусым айына дейін Екатеринбург – Алматы автожолында, Талапкер кентінің маңында іске қосылады, деп хабарлады ҚР ИИДМ.

Ауыр салмақты жүктерді тасымалдаудың қарқындылығы жол жабындарының тозуы мен бұзылуына айтарлықтай әсер етеді. Жаңа технологияны – салмақты өлшеудің автоматтандырылған станцияларын енгізу жүк көлік құралдарының барлық ағынын салмақты бақылаумен қамтуға, барлық бұзушыларды анықтауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, тасымалдаушылардың тәртібі мен автомобиль жолдарының сақталуы арттырылады, оларды жөндеуге жұмсалатын шығындар төмендетіледі.

Сонымен қатар көліктің салмақ габариттік параметрлерін өлшеу процесі көліктік бақылау органдары инспекторларының қатысуынсыз автоматты түрде жүргізіледі. Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік практика «Сергек» жүйесінің жұмыс істеу қағидаты бойынша жүзеге асырылатын болады, бұл адами факторды болдырмауға және көліктік бақылау жүйесіндегі әкімшілік кедергілерді барынша азайтуға ықпал етеді.

Көлік инфрақұрылымын дамытудағы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін қазақстандық автожолдарда 112 автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату жоспарлануда.

Автожолдардың сақталуын қамтамасыз ету процестерін автоматтандыру бойынша жұмысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізеді.

Хабар 24 телеарнасы