425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Браконьерден Қызыл кітапқа енген қарақұйрық анықталды

  • 80
  • UPD: 16:51, 13.11.2020
Браконьерден Қызыл кітапқа енген қарақұйрық анықталды

«Охотзоопром» инспекторлары Жамбыл облысы ПД Мойынқұм АПБ ТҚПТ және Жамбыл облысы ПД Шу ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп атқарған жедел іс-шара барысында «Қарақыстық» жерінде 21.09.1986 ж.т. А. есімді азаматты ұстады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, ұсталған азаматтан бір дана қарақұйрық анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, қарақұйрық Қызыл кітапқа енген жануар болып саналады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы