425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОСК отырыстарында сурдоаударма болады

  • 81
  • UPD: 17:47, 13.11.2020
ОСК отырыстарында сурдоаударма болады

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар құқығына сай осы міндет орындалуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы халықаралық конвенция бар. Оған Қазақстан да мүше. Қаңтардағы саяси науқан кезінде мүгедек жандарға арнайы бюллетеньдер ұсынылады. Көру және есту қабілетінен айырылған азаматтарға сурдоаудармасы бар аудио және видео материалдар таратылады. Бұған сайлау бюджетінен қаражат бөлу көзделіп отыр. Қазір мұндай көмекті нақты қанша адамның алатыны есептеліп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, елде 700 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оларға бюллетеньді комиссия мүшелерінен бөлек, әлеуметтік қызметкер, халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері және волонтерлер жеткізіп береді.

Айта кетейік, шетелде жүрген отандастарымыз да алдағы саяси науқанға қатыса алады. Олар үшін әлемнің 53 мемлекетінде 66 сайлау учаскесі ашылатын болды. Ашықтық қағидаты сақталуы үшін қазақстандықтар дауыс беру орнына хабарласып, өздері жайлы мәлімет ұсынуы тиіс.

Ерлан Аукенов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

– Еліміздің қоғамда инклюзивті қамтамасыз ету міндеттемелеріне толық сәйкес келеді. Біріншіден, дауыс берудің қолжетімділігі, белсенді сауал құқығын қамтамасыз етудің маңызды шарты – біздің министрлік ОСК-мен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы