425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

20 ауылдық кәсіпкер әйел әлеуметтік грант алды

  • 91
  • UPD: 22:34, 13.11.2020
20 ауылдық кәсіпкер әйел әлеуметтік грант алды

Елімізде 20 ауылдық әйел «Әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау» әлеуметік жобасы аясында грант иегері атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың әрқайсысына 4 мың АҚШ доллары берілді. Жеңімпаздар Қазақстан ауыл әйелдерінің үшінші республикалық форумында марапатталды. Сондай-ақ жиында облыстық форумдарда іріктелген үздік қатысушылар сөз сөйледі. Мақсат – ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке тарту. Жалпы статистика бойынша елімізде 4 миллионға жуық әйел ауылда тұрады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауылдағы әрбір оныншы отбасы қарттардың зейнетақысына және әлеуметтік жәрдемақыға күнін көреді. Ал мұндай граттар ауылдағы нәзік жандыларға өз кәсібін дөңгелетіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Асхат Сүлейменов, жасыл экономиканы қолдау коалициясының атқарушы директоры:

– Қала мен ауылды салыстырған кезде аражігі 2,7 есе ауыл адамдары қалаға қарағанда кедей тұрады. Сондай статистикалық мәлімет бар. Сол кедейліктің аражігін азайту үшін, содан кейін БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары деген бар, сол мақсаттарға қол жеткізу үшін осы форумдар ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы