424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында 31 медицина маманы COVID-19 жұқтырды

  • 98
  • UPD: 20:13, 13.11.2020
Павлодар облысында 31 медицина маманы COVID-19 жұқтырды

Қауіпті індетке шалдыққандар қатарында 10 дәрігер, 11 орта және 10 кіші медицина қызметкері бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олар амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жатыр. Бір дәрігердің хәлі ауыр еді, қазіргі уақытта жағдайы тұрақталды. Өзгесінің қал-ахуалы орташа деңгейде. Бүгінде өңірде эпидемиологиялық жағдай күрделеніп келеді. Қараша айының бірі мен тоғызы аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 614 дерегі тіркелді. Салыстырмалы кезеңде көрсеткіш екі есе аз болған. Әсіресе соңғы екі аптада өсім бар. Қазір аймақтағы инфекциялық стационарларда 288 пациент ем қабылдап жатыр. Олардың жетеуінде коронавирус расталды. Төрт азаматтың жағдайы аса ауыр.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

– Қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Ауру жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Негізгі себептердің қатарында тұрмыстық жағдайлар, байланыстар бар. Кәсіби тұрғыдан жұқтырудың көбі инфекциялық госпитальде тіркелген. Біз медицина мамандарын денсаулығын сақтау мақсатында алдын алу жұмыстарын күшейттік.

Хабар 24 телеарнасы