425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей шекарасында көлік кептеліп жатыр

  • 129
  • UPD: 20:17, 13.11.2020
Қазақстан мен Ресей шекарасында көлік кептеліп жатыр

Қазақстан мен Ресей шекарасында тағы да кикілжің туындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеулерге байланысты көлік кептелісі пайда болды. Бұл жолы жүргізушілерде ПТР-тест болмаған. Сондықтан олар Қазақстанға кіре алмай отыр. Жүргізушілер Ресейдің Қазақстанмен шектесетін Астрахан облысында аялдауға мәжбүр. Еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, көлік жүргізушілері шекарадан өтуі үшін Астрахань облысында коронавирус инфекциясына зертханалық сынама тапсыруы қажет. Ауру жұқтырмағаны анықталғанда ғана олар шекарадан өте алады. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгіннен бастап мобильді зертхана орнатуды қолға алыпты.

Алия Байтемірова, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы:

– Шекарадан өту үшін жүргізушілерде ауру жұқтырмағанын растайтын анықтама болуы керек. Сол кезде ғана олар Қазақстанға өте алады. Сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалды ушықтырып алмау мақсатында мобильді зертхана орнатылмақ. Кешегі күнге қарағанда, бүгін көлік кептелісі саябырсыған.

Осы мәселеге байланысты ҚР қаржы министрлігі баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов жауап берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні көлік кептелісі жоқ. Мәселе толық шешілген дейді ол.

Әлібек Әбділов, ҚР қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:

– Қазақстан территориясына кіретін барлық жүк көліктерінің жүргізушілерінде ПТР анықтама болу керек. Алайда көп жүргізушіде бұл анықтама жоқ болуына байланысты кептеліс болған еді. Қазір мәселе толық шешілді. Бүгінгі күні ешқандай кептеліс жоқ.

Хабар 24 телеарнасы