422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте бизнес қалай қорғалады және оны дамыту үшін не істеліп жатыр?

  • 114
  • UPD: 23:27, 13.11.2020

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері 20 кәсіпкерлік субъектісінің құқығын қорғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – инвесторлар мен кәсіпкерлерді қорғау жобасының нәтижесі. Қазір жемқорлықпен күресушілер 75 миллиард теңгеден астам сома көлеміндегі 35 жобаны қадағалауға алды.

Заңдылықты қадағалаушылар мен кәсіпкерлер бір үстел басына жиналды. Күн тәртібіндегі мәселе – бизнесті қорғау. Бұл бағытта ілгерілеу бар дейді компания басшылары. Дегенмен түйткілдер де аз емес.

Мелес Сейітжанов, қалалық кәсіпкерлердің құқын қорғау кеңесінің төрағасы:

– Көлік саласындағы өтініштер көш бастап тұр. Бұл келіп түскен өтініштердің жалпы санының 21% құрайды. Екінші орында мемлекеттік сатып алу мәселесі – 18 %. Үштікті санитарлық талаптар мен шектеулерді алып тастау мәселесі түйіндейді.

Бизнесті кедергілерден арылту үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері өз жобасын іске қосты. Оған қатысушы кәсіпкерлер бақылаушыларға алаңдамай, клиенттерге көбірек көңіл бөлу мүмкіндігіне ие болмақ. Инвесторларды пара беру қажеттілігінен арылту үшін инвестициялық жобалар да қадағаланады.

Талғар Серікбаев, СЖҚІҚА Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Біздің жобаның мақсаты – ел аумағында бизнесті адал әрі әділ жүргізу болып табылады. Жыл басынан бері біз 20-ға жуық кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғадық.

Сондай-ақ қалада кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес құрылды. Биыл онда тоғыз отырыс өткізіліп, бизнеске тән мәселелер шешілді.

Қайрат Әкенов, қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Кәсіпкерлер палатасына 221 арыз түсіп отыр. Олардың 152-сі кәсіпкерлер пайдасына оңды шешіліп отыр. 50-і әлі кәсіпкерлер палатасының қарауында.

Карантин режимінде өтініштер көп болды. Бірақ оң өзгерістер бар дейді мамандар. Мысалы, сауда орталықтарының иелері кәсіпкерлерге үй-жайларды жалға беру ақысын арзандатқан.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Катерина Попкова, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы