425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий итбалығы қызыл кітапқа енді

  • 156
Каспий итбалығы қызыл кітапқа енді

Каспий итбалығы Қазақстанның қызыл кітабына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел үкіметі оны жойылу қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктердің тізіміне қосты. Бұл жаңалыққа маңғыстаулық табиғат жанашырлары қуанып жатыр. Себебі Каспий теңізінде ғана кездесетін сүтқоректіні қорғап қалудың жалғыз жолы – оны заңдастыру. Итбалық Каспийдің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады. Соңғы 100 жылда оның саны 1 миллионнан 100 мыңға дейін азайып кеткен. Браконьерлердің ауына шырмалып, жүздеген итбалық жыл сайын қырылып қалады. Соңғы жылдары тіпті жағалаудан өлі сүтқоректілердің табылуы жиілеп кетті. Өткен екі айдың өзінде Ақтаудың үш жерінен төрт итбалықтың денесі табылды. Олар теңіз итбалығын зерттеу және оңалту орталығына жеткізіліп, мамандар біреуін аман алып қалды. Мұндай орталық меценаттардың көмегімен былтыр ашылған еді.

Кирил Осин, тәуелсіз эколог:

– Каспий теңізін жағалай орналасқан Иран, Әзербайжан, Түрікменстан мен Ресей Федерациясы итбалықты әуелден өз қорауына алған. Қызыл кітапқа енгізбеген тек біздің ел ғана еді. Бұл да орындалып, Үкіметтің қаулысы шықты. Қатты қуандым. Енді заңды тұрғыдан қорғай аламыз. Мен осы мәселемен он жылдан бері айналысып жүрген табиғат жанашыры ретінде көмек беруге әзірмін.

Хабар 24 телеарнасы