423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтіп жатыр

  • 100
  • UPD: 23:56, 13.11.2020

Басқосу аймақ үшін маңызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі еліміздегі ең алғашқы қоғамдық ұйым осы өңірде құрылды. Бүгінде белсенді бірлестіктер саны артып, 1500-ден асқан. Олар әр саладағы күрделі әрі өзекті пробеламаларды шешуге үлес қосып келеді. Мәселен, жыл басынан бері қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 141 тыңдау өтіп, 30-дан астам рейд ұйымдастырылды.

Форумда жетістіктер мен мақсат міндеттер талқыланды. Жалпы үкіметтік емес ұйым – облыстағы жақсы дамыған сектор. Олар қоғамдық бастамаларға түрткі болып, түрлі әлеуметтік сұрақтардың шешілуіне сеп болып келеді. Егер осыдан 20 жыл бұрын мұндай ұйымдармен әкімдік арасындағы әріптестік әлсіз болса, қазір керісінше екі тарап үндестік тапқан. Мысалы, қоғамдық кеңестер медициналық саладағы болсын рухани тұрғыдағы болсын, түйткілдердің шешім табуына ықпал етіп жатыр.

Аяужан Әшімова, «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Ауылдық жерлердегі емханаларға медициналық құрал жабдықтар алынды, ол бір делік,тағы бір бағыт – мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ортаны, инфрақұрылымды құру, оңтайандыру. Облыстағы 19 ақын-жазушыға өз кітаптарын жариялауға мүмкіндік беріліп отыр.Бұл да азаматтық қоғам институтының осы қоғамдағы түйткілді мәселелерді шешеуге қосқан үлесі.

Людмила Захарова бастаған қоғамдық ұйым он жылдан бері шалғайдағы халық денсаулығын қорғау жұмыстарымен айналысады. Атап айтқанда, онкологиялық аурулардың алдын алу шараларымен шұғылданады.

Людмила Захарова, ақпараттық-талдау агенттігінің төрайымы:

– Денсаулық сақтау басқармасымен бірге осы жобаны бастағанбыз, нәтижесі жаман емес.Талай адам мықты дәрігерлерге қаралды. Өйткені аудан-ауылдағы тұрғындар қалаға келуге уақыт таба бермейді.

Қатаң карантин шектеуі кезінде де қоғам белсенділері талай адамға дәрі-дәрмек азық-түлік жеткізуге атсалысты. Форумда осындай белсенді азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталды. Бұл үкіметтік емес ұйымдардың өлкедегі тұрақты әлі нәтижелі жұмысын көрсетеді дейді сарапшылар.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы