420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында қауіпті вирус жұқтырғандар саны артты

  • 134
  • UPD: 08:35, 14.11.2020
Алматы облысында қауіпті вирус жұқтырғандар саны артты

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 0,3%-ке көбейген.

Бірінші және екінші деңгейлі ауруханаларда 176 науқас емделіп жатыр. Жалпы облыс стационарларында 5 мыңнан астам төсек-орын дайын тұр. Жақында ғана 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық пункт сатып алынды. Ауруханалар оттегі тасымалдау жүйесімен 45% қамтамасыз етілген. 13 оттегі станциясы іске қосылды. 1 млрд 300 млн теңгеге тұрақтандыру қорына дәрі-дәрмек сатып алынған.  Сондай-ақ қосымша 100 млн теңге бөлініп, мұқтаж отбасыларына тегін дәрі таратылмақ. Өңірде қосымша ПТР зертханалары ашылады.

Өмірзақ Ниязбеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

8 ПТР  лаборатория бар. Олар 4700-ден астам зерттеу жасайды. Өңірдің оңтүстік тарапында орналасқан. Солтүстік жағынан 2 лаборатория ашамыз. Егер 3 лаборатория ашылса, 5,5 мыңнан астам зерттеу жасалады.

Хабар 24 телеарнасы